Ресейде Орталық Азия елдерінің 4 миллионға жуық азаматы бар
2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Ресейде Орталық Азия елдерінің 3,985 миллион азаматы бар. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы жариялады.
Ресейде қалған шетелдіктер саны бойынша Өзбекстан көш бастап тұр (1,792 миллионнан астам), екінші орында Тәжікстан (1,231 миллионнан астам), одан кейін Қазақстан (606,9 мың), Қырғызстан (262,8 мың) және Түркіменстан ( 92 мың).
Қазіргі таңда елімізде шетел азаматтығын алған 6 млн 174 мың адам бар. Ресейде орналасқан азаматтарының саны бойынша алғашқы ондыққа Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қытай және Түркіменстан кіреді. Мен оларды кему ретімен атаймын, бірақ олардың жалпы саны 5,5 миллион адамды құрайды, - деді «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында Ішкі істер министрлігінде көші-қон саясатын қадағалайтын полиция генерал-полковнигі Александр Горовой.
Горовой елдегі шетелдіктердің саны Ресей ФСБ Шекара қызметінен ішкі істер министрлігіне күн сайын келіп түсетін мәліметтер негізінде есептелгенін атап өтті.
Министрдің орынбасары заңсыз иммигранттар арасында негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Әзірбайжан азаматтары бар екенін айтты. Барлығы 739 мыңға жуық адам немесе 9 пайызға жуық.