Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:59, 27 Желтоқсан 2023

Қазақстанда ешбір қосбилік жоқ – Ерлан Қошанов

президен
Фото: из открытых источников

Бұл туралы мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына төменгі палатының төрағасы Ерлан Қошанов жауап берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

БАҚ өкілдері "“Ескі Қазақстан” мен “Жаңа Қазақстанның арасында текетірес бар ма?"- деп сұрақ қойды.

– Халықтың алаңдауына, сіздің де алаңдауыңызға негіз жоқ. Бірінші кезекте, ешбір қосбилік бүгінгі күні жоқ, болуы мүмкін де емес. Бүгінгі күні барлық шешімді халық басым көпшілігімен сайлаған мемлекет басшысы қабылдайды, - дейді ол.

Оның айтуынша, экс-президент мемлекеттік істерге араласпайды. Әрі оның екінші тұлғалармен кездесулері, іс-шаралары, жол сапарлары жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланғаны.