1 қыркүйектен бастап еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастайды
2024 жылғы 6 тамызда ҚР Үкіметінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін және оның аумақтық департаменттерін құру туралы қаулысы қабылданғанын болатын.
«Комитет пен оның аумақтық департаменттерін құру, штаттарды жасақтау жұмыстары тамыз айында аяқталады. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейді. Тамыз айының соңына дейін Комитет пен жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті заңдық және техникалық рәсімдерді аяқтайтын болады. Бұл еңбек заңнамасының сақталуына және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді өз сөзін вице-министр Ақмәди Сарбасов.
Ақмәди Сарбасов сондай-ақ жұмыскерлердің құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту туралы айтты – биыл жұмыс берушілерді тексеру 7% - ға өскен.