Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:23, 24 Қараша 2020

10 айда 290 мың қызмет көрсетілді

None
None

Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2020 жылдың 10 айында 290 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 63 394 азаматқа жүргізуші куәлігін берілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артып отыр.

Шымкентте барлығы 10 ХҚО жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚКО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар.

Қазіргі уақытта Достық шағынауданының және 196-орам, 381/1 мекенжайындағы мамандандырылған ХҚО-да тұрғындар автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады. Күн сайын мұнда 200 жүргізуші куәлігі беріліп, 600-ден астам көлік құралы есепке алынады.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді ресімдеуге болады. Жалпы, жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО арқылы 226 924 автокөлік тіркеліп, 63 394 жүргізуші куәлігі берілді.

Тегтер: