10 секунд: Қанат Ислам 26-жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Қазақстандықбоксшы Қанат ИСЛАМ (26-0-0-22) орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінжеңіп алды.
Оның қарсыласыдоминикандық Хулио де Хесус. Ол кеше өткен баспасөз мәслихатында бұл оның соңғымүмкіндігі екенін, сол себепті қалай да жеңетінін айтқан. Дегенмен,доминикандық бар болғаны 10 секундта нокаутқа түсіп қалды.
Бұған дейінвакантты болып келген белбеу 5 маусым күні Алматы қаласында иесін тапты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегіде осы Қанат Ислам мен Хулио де Хесус арасында өтті.
Айта кету керек,Қанат Ислам жарақатына байланысты бір жарым жылдан бері шаршы алаңға шықпаған.
Исламжекпе-жектен кейінгі сөзінде өзі жаттығып жүрген «Qazaq Promotions» арқылы әржақта жүрген қазақ боксшыларының Қазақстанға тартып, бәрінің басын қосу екенінайтты.
Фото: sputniknews.kz