Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:11, 10 Маусым 2020

Қазақстанда бір күнде COVID-19 ауру белгісі байқалған 245 адам анықталды

None
None

Өткен тәулікте елде коронавирус ауру белгісі бар 245 адам анықталған. Қарағанды облысында — 50, Алматы қаласында — 35, Ақтөбе облысында — 26, Нұр-Сұлтанда 23 адамнан вирус табылған.

Өсім 1,9 пайызды құраған. Бұл туралы 10 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік әзірге "симптомсыз" науқастар туралы мәлімет айтпады. Қазақстан билігі 3 маусымнан коронавирус жұққаны анықталған, бірақ ауру белгісі жоқ адамдарды ресми статистикаға енгізбейтін болған.

Қазір елде COVID-19 ауру белгісі байқалған 13 319 адам бар:

  • Алматы қаласы – 35 (Барлығы 2939)
  • Нұр-Сұлтан қаласы — 23 (Барлығы 2543)
  • Атырау облысы – 5 (Барлығы 1227)
  • Шымкент қаласы – 14 (Барлығы 992)
  • Қарағанды облысы – 50 (Барлығы 1238)
  • БҚО – 18 (Барлығы 863)
  • Жамбыл облысы – 16 (Барлығы 457)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 403)
  • Алматы облысы – 11 (Барлығы 457)
  • Қызылорда облысы – 5 (Барлығы 470)
  • Ақтөбе облысы – 26 (Барлығы 427)
  • Павлодар облысы – 2 (Барлығы 286)
  • Маңғыстау облысы – 12 (Барлығы 343)
  • Ақмола облысы – 5 (Барлығы 182)
  • Қостанай облысы – 3 (Барлығы 208)
  • ШҚО – 5 (Барлығы 204)
  • СҚО – 7 (Барлығы 72)

Бір күнде 278 адам айығып, 3 адам қайтыс болған. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар алғаш рет 13 наурызда тіркелген.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: