Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:13, 12 Маусым 2020

Тоқаев сенат сайлауын 12 тамызға белгіледі

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаттарының сайлауын 12 тамызға белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, сенатқа әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан екі адамнан сайланады. Депутаттардың 34-ін мәслихат депутаттары сайлайды, қалған 15-ін президент тағайындайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған депутаттар қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2017 жылы өткен.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: