Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:00, 14 Маусым 2020

Ауғанстанның бірнеше провинциясында болған шабуылдардан кемінде 17 адам қаза тапты

None
None

13 маусымда Ауғанстанның бірнеше провинциясында болған экстремистер шабуылынан кемінде 17 адам қаза тапты.

Әзірге бірде-бір ұйым жауапкершілікті мойнына алмады.

Елдің шығысындағы Хост провинциясында шабуылдан сегіз адам қаза болған, олардың арасында былтыр парламент сайлауы кезінде депутаттықтан үміткер болған адам да бар.

Логар провинциясының Пули Алам қаласында қарулы экстремистер үйге басып кіріп, әйел мен оның үш қызын атып өлтірген.

Елдің солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында үкіметті қолдайтын әскери отрядтың төрт еріктісі атып өлтірілген. Тахар провинциясында дін қызметкері қаза болған.

Соңғы аптада Ауғанстанда қарулы шабуылдар жиілеген. Бұл хабарламамен қатар тәліптер мен үкімет арасында келісім орнату туралы келіссөздер жүріп жатқаны хабарланды.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: