Әлеумет

Аймағамбетов пен Сапарбаев оқшауланды

Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов коронавирусты анықтауға тест тапсырды, — деп хабарлайды министрліктіңбаспасөз қызметі.

Аймағамбетов пен Сапарбаев оқшауланды

«Білім және ғылым министріCOVID-19-ды анықтауға тест тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты. АсхатҚанатұлының жағдайы жақсы, бірақ ереже бойынша, ол оқшауланып, қашықтан жұмысістейді. Сондай-ақ, хаттамаға сәйкес белгілі бір уақыт өткен соң ол қайтадантест тапсырады», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының әкіміБердібек Сапарбаевтың да коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды.Оның да нәтижесі теріс болып шыққан. Әкім оқшауланып, видеобайланыс арқылыжұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, 12 маусымда АсқарМамин жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барған болатын. Кездесуде Елжан Біртанов,Асхат Аймағамбетов пен Сапарбаев болған еді.

Тегтер: Без Тега

Оқыңыз