Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:51, 16 Маусым 2020

COVID-19: Дертке шалдыққандарды ешкім жұмыстан шығаруға құқықты емес

Күнікеше ғана Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының 17 диспетчері COVID-19 індетін жұқтырғанытуралы мәлімет «Жас Алаш» газетінде жарияланған-ды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай,медициналық жедел жәрдем бөліміндебүгінгі таңда 3607 адам жұмыс істейді, соның 98-і диспетчерлік қызметте екен. Ауырғандардыңсегізі жұқпалы аурулар стационарларында, қалған тоғызы провизорлықстационарларда емдеу хаттамаларына сәйкес ем алуда.

Өздерінің кәсіби қызметтерін атқару барысында COVID-19індетімен науқастанып қалған медицина қызметкерлерінің тағдыры не болмақ?Келешекте жұмыссыз қалу қаупі бар ма, заң аясында қарастырылған сақтандырудан бөлек,олар тағы да қандай жеңілдіктерді пайдалана алады деген сияқты сұрақтарға өз кеңесінберген газетіміздің тұрақты оқырманы, медицинағылымының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі, тәуелсіз сарапшы, заңгер ЖұбанТілеубергенов  поштамызға хатжолдаған екен. Осыған орай, сала маманы тарапынан берілген  ақыл-кеңестерді өзгертпей, сол қалпында жеткізудіжөн көріп отырмыз.

Біріншіден, медицина қызметкерлері өздерінің кәсіптік қызметтерін орындаубарысында COVID-19коронавирустық инфекциясын жұқтырып ауыратын болса, онда ол сырқат кәсіби ауруболып табылады. Бұл жайт  Еңбек кодексінің 1-бабында былайша көрсетілген: Кәсіптік ауру дегеніміз –  жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерінорындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеретуінен туындаған созылмалы немесе жедел ауру. Сонымен бірге Халықаралықеңбек ұйымының да (1996 ж.) шешімі дәл осылай: Кәсіптік ауру – қауіпті факторлардың әсерінен туындайтынауру.

Біреулер үшін бұл құжаттар аздық жасаса,онда Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай – ДДСҰ) 2020 жылғы 19 наурызда жарияланған«Коронавирус ауруы (COVID-19): Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтаубойынша негізгі ұсыныстарға қоса, медициналық мамандардың құқықтары, рөлі жәнежауапкершілігі» атты уақытша  нұсқауларыкөмекке келмек. Осы құжатта былай депкелтірілген: Егер жұмыс орнындаCOVID-19 инфекциясын жұқтырған болса, өтемақы, қалпына келтіру және медициналыққызмет көрсету құқығын құрметтеңіз. Бұл кәсіби инфекцияны жұқтырған болыпесептеледі, ал соның салдарынан өрбіген ауру кәсіптік ауру деп саналады.

Демек, жоғарыдакөрсетілген медициналық мекемеде еңбек ететін 17диспетчердің COVID-19 індетін жұқтырып алу фактісі кәсіби ауру болып табылатынына бола,дауласудың еш қажеті жоқ.

Осыған орай, медицина қызметкерлерінің  COVID-19коронавирустық инфекциясын жұқтыру оқиғаларын толыққанды тергеп-тексеру жәнеесепке алу шаралары Еңбек кодексінің 186-190 баптарына жәнеденсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы№1032, №1055 бұйрықтары мен денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы№224 бұйрығына сәйкес жүргізілу қажеттілігі жоғарыдакелтірілген нормативтік-құқықтық құжаттармен  бекітілген.

Одан әрі жедел кәсіби ауруды емдеп жатқанмедициналық мекеме денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1055 бұйрығына сәйкес, «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы» хабарламаның бірін науқастыңжұмыс орнына, екіншісін санитарлық қадағалау мекемесіне (СЭС) дереу жолдауларыкерек.

Бас-аяғы 24 сағаттың ішінде  емдеушідәрігер, санитарлық қадағалау мекемесінің маманы және арнайы сертификаты бар кәсібипатология маманының (дәрігер-профпатолог) қатысуларымен құрылған профпатологиялық сараптаукомиссиясының күшімен байланыс бар болған жағдайда науқастағы кәсіби аурудыңжедел түрі анықталады. Яғни COVID-19індетін жұқтырып алу фактісі медицина қызметкерлерінің өз кәсібін атқарубарысында орын алғаны туралы тұжырым жасалынады.

Осыдансоң, комиссияның шешіміне орай, «Еңбек қызметіне байланысты кәсібиауруды тергеп-тексеру актісі» толтырылады. Дәл осы акті ғана (!) медицина қызметкерлерініңқызмет көрсету барысында жұқтырып алған COVID-19 індетінкәсіби ауру деп тануға заңнамалық және статистикалық  құқық бере алады. Акті жоқ па, кәсіби ауру дажоқ.

Оданәрі қарай COVID-19 індетіменауырған науқасты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019жылғы 12 желтоқсандағы №671 бұйрығына сәйкес, кәсіптікеңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі – қызметкердің еңбек (қызметтік)міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейін анықтау үшін осыминистрліктің құзырындағы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясынажібереміз. Сол жерде медициналық қызметкердің  еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарукезінде кәсіптік ауруға шалдығу себептері – кәсіптік ауру екені белгіленеді.

Біржолғы әлеуметтіктөлемді жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен (ГССФ)болғандықтан, ҚР-ның 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғаларданміндетті сақтандыру туралы» N30 Заңы аясында,  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің құзырындағымедициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының оң шешіміне сүйене отырып іске асырылуыкерек.

Осы ретте газетоқырмандары үшін ең басты түсініксіз бір жай бар. Оған да тоқтала кетейік.

Ел президенті Қ.Тоқаевтың COVID-19коронавирустық инфекциясына қарсы күрестің алғы шебінде жүрген медицина қызметкерлері,аталған індетті жұқтырып алған немесе сол аурудан қайтыс болған жағдайда оларғабіржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы жарлығы жарияланғанын жақсы білеміз. Жарлықтағыкөрсетілген  міндеттемелерді орындау үшінеңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 жәнеденсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірде шығарған «Денсаулық сақтау ұйымдарыныңCOVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсыіс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтысболған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларынбекіту туралы» №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы жарық көрді.

Алайда қосминистрдің қолы қойылып, бекітілген бұйрықтың ең сорақылығы – бұл бұйрық бүгінгітаңда қолданыста жүрген көптеген заңнамалық күші бар халықаралық және ел президентіқол қойған өз еліміздің заңнамаларына қайшы келіп отыр. Солардың қатарындаАта заңымыз – ҚР Конституциясы (29-бап 1-п.), Еңбек кодексі (1-бап), ҚР«Қызметкерді өзініңеңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан міндеттісақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңы N30-III және көптеген денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1032, №1055бұйрықтары, денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрығыбар.

Бір ғанамысал. Бірлесіп жазған бұйрықтағы қағидалардың2-тармағында былайша көрсетілген: Адамдарға әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру үшіноблыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушыорганы (бұдан әрі – ЖАО) комиссия құрады. Сол комиссияның құрамына алты бірдей ұйымныңөкілі кіргізілген, тек ол жерде профпатологиялық сараптау комииссиясыныңмүшелері, яғни қызметкердің бойындағы ауру мен еңбек жағдайы арасындағы байланыстылығынанықтау ісі құзыретіне кіретін мамандар ғана жоқ. Жергіліктіатқарушы органдардың бұл жұмысқа ешқандай да қатысы жоқ және болуы да мүмкінеместігін біле тұра, бүкіл қоғамның сенімен баяғыда-ақ айырылған қос министрдіңмұндай бассыздығын қалай түсінуге болады?

Мұндай жағдайда сіздердің әрқайсыларыңызтәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгіне отырып, істің ақ-қарасын тек сот арқылы ғанашеше аласыздар.

Ал енді ауырып тұрғаннан кейінгі кезеңде денсаулықты қалпынакелтіру және жүйелі түрде медициналық қызметке жүгіну үшін дәрігерлердің тұрақтыбақылауында болуларыңыз қажет. Кәсіби аурулардың барлық салдарларын емдеу жағыда қолданыстағы заңнамалық күші бар нормативтік құжаттардың аясында тегінболулары қажет. Ең бастысы, науқасыңызға бола сізді жұмыстан шығарып жіберуге жұмысберушінің ешқандай құқығы жоқ. Сіздің денсаулығыңызға байланысты өз мамандығыңызбенжұмысқа орналастыру немесе басқа мамандық бойынша қайта даярлау міндеті және ақшалайшығындардың барлығын өтеу жұмыс берушінің міндетіне жататын жайлар. Осыны естесақтаңыз!

Дәурен ҚАЙЫР,

«Жас  Алаш»

Тегтер: