Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:13, 19 Маусым 2020

Карантиндегі үш министр жұмысына шықты

Коронавирусқа бірнеше рет тапсырған тест нәтижесі теріс болғандықтан Қазақстанның үш министрі карантиннен босады.

 

Өз-өзін оқшаулаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Магғзұм Мырзағалиев коронавирусқа қарсы бірнеше рет тест тапсырды. Барлығынан COVID-19 диагнозы расталмады. Енді министрлер, әдеттегідей кесте бойынша жұмыс істеуге кіріседі, — деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов.

Үкімет ғимаратында және министрліктер үйінде санитарлық режим, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80% -ы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Тегтер: