Live

Иран АҚШ-тың төрт әскери техникасын жойып жіберді

Иран билігі АҚШ-тың әскери операциясы сәтсіз аяқталғанын хабарлады. Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілі Ибрахим Золфагариның айтуынша, АҚШ-тың әскери ұшақтары ел аумағына кірген.

Иран АҚШ

Оның сөзінше, Иранның әуе қорғанысы операция барысында екі әскери тасымалдаушы ұшақты және екі тікұшақты атып түсірген. Оқиға Исфахан қаласының оңтүстігінде болған.

АҚШ тарапы екінші ұшақ экипажының құтқарылғанын мәлімдеді. Бұған дейін алғашқы экипаж мүшесі де эвакуацияланғаны хабарланған.

Айта кетейік, бұл ақпаратты әзірге тәуелсіз дереккөздер растаған жоқ.

Ибрахим Золфагари Иранның бұл әрекеттерін «Құдайдың ерекше қолдауының нәтижесі» деп атап, елдің «ақиқаттың жалғанға қарсы күресінде жеңіске жететініне» сенім білдірді.

Тегтер: АҚШ Иран
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз