Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:37, 22 Маусым 2020

Алматыда коронавирусқа қатысты қосымша шаралар енгізілді

Алматыда коронавирусты диагностикалау үшінзертханалардың қуаты арттырылады. Сонымен қатар, қалада жедел медициналықжәрдем ауруханасы базасында COVID-19 науқастарына 300 төсек-орын бөлінеді, — деп хабарлайды қала әкімініңбаспасөз қызметі.

Зертханалардың қуаттылығы 22 маусымнан бастап арттырылатыны айтылды.

«Бүгінгі таңда ПТР-тестілеу мамандандырылған алты зертханадажүргізіледі. Тегін тестілеуден тек тәуекел тобына жататындар ғана өте алады.Сондай-ақ ақылы негізде ПТР әдісімен КВИ-ға тексеруден өту мүмкіндігі бар. »Олимп" зертханасы жұмысын қайта бастайды. 24 маусымнан бастап«Нұрлы тау» БО аумағындағы MPK зертханасы қызметін қайта бастайды. 26 маусымнан бастап «Атакент» ҚҚТ аумағында орналасқан қуаттылығытәулігіне 1 мың зерттеу болатын жетінші зертхана жұмысын бастайды. Бұлзертханада тәулігіне 5 мыңға дейін тест өткізілуі мүмкін", — делінгенхабарламада.

Тегтер: