15:28, 23 Маусым 2020
Теннистен әлемнің №1 ракеткасы Джокович коронавирус жұқтырды
Теннистен әлемнің №1 ракеткасы сербиялық Новак Джокович коронавирус жұқтырды. Бұл туралы сербиялық ақпарат құралдары хабарлады.
Бұған дейін болгариялық теннисші Григор Димитровтің де коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Екі теннисші өткен аптада Хорватияның Загар қаласындағы теннис турниріне қатысқан еді.
Жаңалық толықтырылады