Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 25 Маусым 2020

Қызылорда облысында коронавирустан екі науқас қайтыс болды

None
None

Қызылорда облысында коронавирустан 60 жастағы әйел адам және 64 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бұған дейін облыста COVID-19-бен байланысты адам өлімі тіркелмеген.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан қайтыс болғандар 136 адамға жетті. COVID-19 анықталған қайтыс болған ондаған адамның өлімі ресми статистикаға енгізілмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, олардың өліміне коронавирус емес, "басқа ауру себеп".

Қазақстан билігі коронавирустан "қайтыс болғандар" мен коронавирус анықталған бірақ "басқа аурудан қайтыс болғандарды" бөлек есептейді. Аймақтарда COVID-19-бен байланысты адам өлімінің себебін зерттейтін комиссиялар жұмыс істейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 30 мыңнан асты. Елде карантин шаралары алынғаннан кейін індет қайта өршіген.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: