13:00, 04 Шілде 2020
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева пневмонияға шалдығып, салдарынан қайтыс болды.
Бұл туралы Азаттыққа Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей айтты.
“[Алдашева ] түнгі сағат 2:00-де Ақтаудағы провизорлық ауруханада қайтыс болды. Диагнозы пневмония”, деді Сүлей.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Алдашева он шақты күн ауырған. Осы уақытқа дейін коронавирус анықталмаған.
Елу бес жасқа шыққан Гүлжазира Алдашева 1965 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып 2019 жылдың тамызында тағайындалған.