Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:34, 07 Шілде 2020

Ауғанстанда саясаткер әйел қарулы шабуыл кезінде жарақат алды

None
None

6 шілде күні Ауғанстанның Логар дейтін аймағында саясаткер әйел мен оның көлік жүргізушісі қарулы шабуыл кезінде жарақат алды.

Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Логар полициясының баспасөз қызметкері Шахпур Ахмадзайдың сөзінше, аймақ кеңесінің мүшесі Нафиса Хиджран (ханым) отырған көлікке шабуыл Логар аймағының астанасы Пули-Аламда жасалған.

Баспасөз хатшысы Хиджранның хәлі тұрақты екенін, емделу үшін Кабулге жіберілгенін айтты.

Полиция тергеудің басталғанын, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Әзірге қастандық үшін ешкім жауапкершілік алмады. Ауғанстанда, әсіресе орталықтан алыс аймақтарда содырлар үйінен тыс жұмыс істейтін әйелдерге жиі шабуылдайды.

Тегтер: