Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:00, 09 Шілде 2020

Бір күнде 2 мыңға жуық адамнан КВИ анықталды. Атырау Алматыдан да озып бірінші орынға шықты

None
None

8 шілде күні Қазақстанда 1962 адамнан COVID-19 инфекциясы табылған. Вирус анықталған 1209 адамда ауру белгілері байқалмаған.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Инфекция жұқтырғандардың үштен бір бөлігі Атырау облысында тіркеліп отыр. Облыс кейінгі апталарда COVID-19 ауруына шалдыққандар бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Осыған дейін мұнайлы облыстағы кен орындарынан эпидемия ошағы анықталған болатын. Облыс вирусты жұқтырғандар бойынша 7 шілде күні Нұр-Cұлтан қаласынан озса, 8 шілде күні көш басында тұрған Алматыдан озды. Өңірде барлығы 6814 адамнан КВИ табылған. Алматыда – 6678 адам, Нұр-Cұлтанда 6177 адам.

Қазақстанда барлығы 53021 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысында — 6814 (+658 жаңадан қосылды),Алматы қаласында — 6678(+177),Нұр-Сұлтан қаласында -6177(+120),Қарағанды облысында — 5670 (+150),Шымкент қаласында — 3720(+61),Батыс Қазақстан облысында — 3600 (+91),Алматы облысында — 2831 (+81),Шығыс Қазақстан облысында — 2426 (+113),Түркістан облысында — 2079 (+28),Ақтөбе облысында — 1939 (+89),Жамбыл облысында — 1923 (+57),Маңғыстау облысында — 1742 (+70),Павлодар облысында — 1564 (+57),Ақмола облысында — 1547 (+35),Қызылорда облысында -1515 (+28),Солтүстік Қазақстан облысында — 1482 (+36),Қостанай облысында — 1314 (+111).

Өткен тәулікте COVID-19 ауруынан 988 адамның жазылып шыққаны тіркелген. Сонымен қатар кеше 3 маусым мен 8 шілде аралығында 17 221 мың адамның коронавирус ауруынан амбулаториялық емдеу арқылы жазылып шыққаны хабарланды. Бұл адамдар ауруханаға жатпай, үйінде жатып емделген.

COVID-19 ауруынан жазылғандардың жалпы саны – 35 137.

Тегтер: