Үшінші мегаполисте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?
Шымкент қалалық әкімдігінің таратқан мәліметінеқарағанда, үшінші мегаполисте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Қалада 10 ірікөтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмысатқарады.
Тіркелген 730дәріхананың 560 жұмыс істейді. Бүгінгі күні қалада бір айлық дәрі-дәрмек қорыжасақталған, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат 136 352вирусқа қарсы препараттар 133 040 антибиотиктер. 44 253 қорап «С витаминдері» бар.
Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілгенқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментініңаудандық басқармаларыменбірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылған. Мониторинг барысында бағасын негізсізөсірген жағдайда әкімшілік шаралары көрсетілетіні ескертілді. Дәріханада жоқдәрілердің орнына баламаларын ұсыну да ескертілген.