Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:07, 10 Шілде 2020

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус 1726 адамнан анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 54 747-ге жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

«Қазақстанда өткен тәулікте 1726 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 936 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді», — делінген ақпаратта.

Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы — 180 / 89

Алматы қаласы — 217 / 73

Шымкент қаласы — 49 / 22

Ақмола облысы — 34 / 27

Ақтөбе облысы — 49 / 27

Алматы облысы — 108 / 68

Атырау облысы — 336 / 229

Шығыс Қазақстан облысы — 121 / 52

Жамбыл облысы — 48 / 38

Батыс Қазақстан облысы — 99 / 39

Қарағанды облысы — 120 / 68

Қостанай облысы — 121 / 78

Қызылорда облысы — 63 / 30

Маңғыстау облысы — 52 / 51

Павлодар облысы — 52 / 15

Солтүстік Қазақстан облысы — 50 / 19

Түркістан облысы — 27 / 11

Жалпы ел бойынша індетке шалдыққандар саны — 54747. Оның ішінде жазылып шықты — 31 277, қайтыс болды — 264 адам.

Тегтер: