Тоқаев үкіметті сынап, жағдайда түзеуге екі апта мұрсат берді
Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты екі аптаға енгізілген карантин жағдайды түземесе, үкімет отставкаға кетуі мүмкін.
Бұл туралы жұма, 10 шілде күні үкіметтің кеңестілген отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Екі аптадан (карантин біткеннен) кейін жағдай жақсарады деп үміттенемін. Егер олай болмаса, үкіметтің қазіргі құрамының жұмысына байланысты мәселе туындайды", — деп мәлімдеді Тоқаев.
Үкіметтің бұл отырысы телеарналардан көрсетілмеді. Ақпаратты президенттің баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасынан таратып отыр.
Қазақстанда маусымның орта шенінен бастап коронавирус індеті өршіп, вирус жұқтырғандар мен өлім-жітімнің күрт көбейіп кеткен соң билік 5 шілдеде елде екі апталық карантин жарияланды. Оның алдында Қазақстанда коронавирусты тоқтату үшін 16 наурыз — 11 мамыр аралығында төтеншей жағдай режимі жарияланып, жұрт екі айдай қатаң карантинде отырды.
29 маусымда Ақордада өткен кеңесте Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы үкіметтің жұмысын сынаған болатын.