Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 11 Шілде 2020

Шымкентке дәрі-дәрмектің ірі көлемі жеткізілді

Шымкент қалалық әкімдігінің таратқан мәліметінеқарағанда, қалада  дәрі жетіспеушілігініңекі себебі бар.

Бірі – алыпсатарлық болса, екіншісі – халықтың үлкен көлемдедәріні артығымен сатып алуы.

— 5 шілдеде«дексеметазон» дәрілік препаратын шекті бағадан асырып сатып жатқан дәріханаанықталған. Жеделполиция тобы оқиға орнына барып, аталған жайтты анықтады. Қазір тергеу жүруде,нәтижесінде жауапкершілік қаралатын болады. Осы ретте тұрғындарға айтарымыз,егер  алыпсатарлықтың немеседәрі-дәрмекті шекті бағадан асырған жайттың куәгері болсаңыз,дереу «109» байланыс нөміріне хабарласыңыз. Тек  дәрігердің жазып берген қағаздағы рецептісіарқылы дәріханаға барыңыз. Көп мөлшерде дәріні сатып алу – өміріңізге қауіптөндіруі мүмкін. Себебі дәрінің сақталу мерзімі мен шарттары бар екенін естеншығармаңыз,-дейді қалалық әкімдіктің жауапты мамандары.  

Қазіргі таңда Шымкенткеүлкен көлемде дәрілер жеткізілді, осы аптада дәріханаларға таратылады. Бүгіндеқалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықтытөмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап вирусқа қарсы, 27 түрлі 123 050 қорапантибиотиктер, 4 атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар.

Тегтер: