Экстремизмді ауыздықтау мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп келеді
Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және оның алдын алу Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде жарияланған.
Бұл ретте заңнамалық база жетілдірілуде, көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда, осы мәселелерді шешуге уәкілетті мемлекеттік және қоғамдық органдардың барлық түрлері құрылуда.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын, оның жалпы қаржыландырыдуы 270 миллиард 148 миллион теңгені құрайды (696,389 миллион АҚШ доллары). Бұл алдыңғы 2013-2017 жылдардағы бесжылдыққа қарағанда әлдеқайда көп: ол арадағы бағдарлама бойынша экстремизммен күрес 2,8 есе арзанға түсті – 103 миллиард 176 миллион теңге (2013 жылғы бағам бойынша 1 миллиард доллардан астам).
Алайда, девальвацияны ескерер болсақ, шығындар айтарлықтай төмендеген.
Сипаттамаға сәйкес бағдарламаны іске асыруға маңызды мемлекеттік органдар – Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Президенттің қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер және қорғаныс министрліктері қатысады.
Қазақстанда діни мәселелермен айналысатын орталық атқарушы орган үнемі өзгеріп отырады немесе оның атауы ауысып отырады. Алғашында бұл Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Дін істері комитеті болды, содан кейін ол тәуелсіз діни және азаматтық қоғам министрлігі болды. 2018 жылдың ортасында ол Әлеуметтік даму министрлігі болып өзгертілді.
2019 жылы – мемлекеттік тұлғалар діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайтын, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ететін Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне және, сонымен қатар бірқатар атқарушы және қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және алдын-алу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, мемлекет жылдан-жылға экстремизмге қарсы тұрудың заңнамалық базасын жетілдіріп келеді. Алайда, құқық қорғаушылардың пікірінше, заңдардың азаматтық қоғам топтарына қарсы іс жүзінде қолданылуы да сирек емес.
БҰҰ-ның терроризмге қарсы іс-қимыл шараларында адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын насихаттау және қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Айолейн 2019 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен экономикалық форумда ұлттық қауіпсіздік ұранымен азаматтық белсенділерді қудалауға қатысты өз пікірін білдірді:
— Терроризмге қарсы іс-қимылдарда да, сондай-ақ экстремизмге қарсы ережелерде де өте кең және шектеулі анықтамалық құқықтар бар екендігі бізді қатты алаңдатады. Бұл ережелер теориялық тұрғыдан барлық азаматтарға бірдей қолданылуы керек, бірақ олар әрдайым және өкінішке орай, кейбір азшылық топтарына қарсы мақсатты түрде қолданылады, жалпы айтқанда, діни бостандықтың бұзылуы мені қатты алаңдатады.
Экстремизмге қарсы бағдарламаның мақсатты міндеттері, басқалармен қатар, «діни араздықты немесе өшпенділікті қоздыруға бағытталған экстремистік идеяларды қолдайтындардың» азаюын көрсетеді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында «сыртқы факторлардың халықтың радикализациясына әсерін» төмендету бойынша шаралар қабылдау, атап айтқанда «техникалық құралдарды жетілдіру» және бұқаралық ақпарат құралдарының, веб-сайттар мен әлеуметтік желілердің тұрақты мониторингін қамтамасыз ету қарастырады.
ҰҚК төрағасының орынбасары генерал-майор Нұрғали Білісбеков жаңа антитеррорлық бағдарламаның басты мақсаты адамдардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатырдығын айтады:
— «Бағдарламада 80 іс-шара қарастырылған, олардың 35-і ерекше сипатта болады. Шығындар арнайы және құқық қорғау органдарын заманауи технологиялармен және басқа да жаңа әзірлемелермен жарақтандыруға арналған», — деді Н.Білісбеков. Және алдағы шығындарға профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды жалғастырады,-деді ол.
Сондай-ақ, ол 2013 жылдан бастап ҰҚК 38 террористік шабуылдың алдын алып, сонымен қатар 380 жас қазақстандықты күмәнді беделге ие шетелдік оқу орындарынан қайтарып алған болатын.
Еркежан АРЫН