17-ші өңір 17-ші болып аталды
Әйтеновтің әкімдік қадамы сәтсіз басталған сияқты
Ақорда немесе үкімет әкімдердің рейтингін жасаумен айналыспайды.
Қайбіржылдары Н.Назарбаев мұны президент әкімшілігіне тапсырған еді. Алайда қайсыәкімнің іскер, қайсы әкімнің кежегесінің кері тартып тұратынын сараптапотыратын жүйе бәрібір жасалған жоқ. Өкінішті-ақ.
Есесіне өңір басшыларының рейтингінсарапшылықпен, талдаумен, зерттеумен (егер рас болса) шұғылданатын әлдебіртоптар шығарып жүрді. Ай сайын әкімдердің рейтингін суретімен бірге жариялап, елденсүйінші сұрағандай болады. Сарапшылардың берген бағасының құлаққа қонатыны дабар, қонбайтыны да бар. Бір әкімдер жұрттың алдында «оһ» дегізетін бердеңенідеп салғаны үшін суырылып алға шықты. Бір әкім болмашы бір жайсыз оқиға үшінсүйретіліп көштің соңына түсті. Мұндай рейтингіге жұрт сенуден қалған. Айтпақшы,былтыр бір ұйым Шымкенттің әкімі Ерлан Айтахановқа «Жыл әкімі» деген номинацияберген еді. Сөйткен «Жыл әкімі» бір айға жетпей жұмыссыз қалды. Созбақтатпай, сөздің турасынакөшейік.
Егер үкімет өңір басшыларыныңрейтингін жасаса, онда дәл қазір Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов ең соңғы орындатұрған болар еді.
Өткен аптада үкіметте біріншітоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды. «Биылғыбірінші тоқсанда негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың озыққарқыны Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарындажәне Нұр-Сұлтан қаласында қамтамасыз етілді, орташа республикалықкөрсеткіштерге Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, ШығысҚазақстан облыстарында және Алматы қаласында қол жеткізілді, кейбіркөрсеткіштер бойынша республикалық деңгейден төмен деңгейді Атырау, Жамбыл,Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы көрсетті» делінген осы жиыннан ақпараттаратқан үкіметтің ресми сайтында.
Шымкент Әбдірахымов пен Айтахановтыңкезінде ортада, ең құрығанда ортадан төмен жүруші еді. Бұл жолы 17-ші өңір 17-шіболып ең соңында аталды.
Мұрат Әйтенов Шымкенттің әкіміқызметіне қаңтарда тағайындалған болатын. Содан бергі аралықта үш ай уақыт өтіпті. Осы үш айда әкім ештеңенібүлдірмеген, елді «аһ» дегізетіндей ештеңе демеген сияқты. Көпшілік жаңабасшының мұнысын бір жағы құп көріп отыр. Өйткені үшінші мегаполистегі жұрт өздеріне-өзіпиар жасаумен айналысатын әкімдерден әбден ығыр болған. Имиджге жұмыс істеудіңшебері Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте әкім болған жылдары шайтанарба көп мінді, халықты әйелге теңеді, «Еңәдемі әкім» деген номинацияның жеңімпазы атанды, әйелдеріне ие бола алмағанеркектерге ренжіді, тағысын тағылар. Әрбір сөзі хитқа айналатын әкімнің ақыраяғында биліктің берген сенімін сарқылтып, қызметінен кеткені белгілі. Оданкейінгі басшы Е.Айтаханов көшелерге қазақақындарының жырларын іліп, руханиятты бір сілкінтті. Осы себепті ЕрланҚуанышұлының атына жылы сөздер, қолпаштаулар көп айтылды. «Жыл әкімі» дегенатақ алғанын жоғарыда келтірдік. Кейбіреулердің оны тіпті Әлихан Бөкейхановқа теңегені ақпарат құралдарындажазылып жатты. Алайда көп мақталған Айтахановтың мегаполистегі әкімдік дәуіріалты айға да жетпеді.
Әрине, үш айдың ішінде Әйтеновтіңпроблемасы шаш етектен Шымкенттің бар шаруасын жайғап тастай алмасы айдан анық.Бірақ алдағы тоқсанда үшінші мегаполисте бір серпіліс болмаса, МұратДүйсенбекұлының да әкімдік дәурені ұзаққа бармауы әбден мүмкін.
БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ
Шымкентқаласы