20 мың теңгеге жұмыс істейді. Болат Жәмішев ауылдағы жалақы туралы айтты
Ауылдардағы кейбір Қазпошта қызметкерлері айына 20 мың теңгеге жұмыс істейді. Бұл туралы ұлттық пошта операторының жұмысы талқыланған «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.
«Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев тің айтуынша, кейбір қызметкерлер небәрі 20 мың теңге айлық алады.
«Ең төменгі жалақы 96 мың дейсіздер. Ал адам 0,2 ставкаға, жұмыс істеп 20 мың теңге алады екен. Бұл оның жалғыз жұмысы, ауылда басқа жұмыс жоқ. Меніңше, сіздерде 0,2 ставкаға өте көп адам жұмыс істесе, онда басқа қандай да бір технология енгізу қажет. Мұны ойластырған жөн», — деді осы орайда «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев
«Қазпочта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасованың айтуынша, өткен жылы компанияның ауылдық филиалдарды ұстаудан 15,4 миллиард теңге шығыны келген. Газеттер, журналдар мен хат-хабарларды жеткізу жыл сайын орта есеппен 17 пайызға азайып келеді, өйткені көптеген басылымдар интернетке ауысып жатыр.
«Дегенмен, бір ғана газетті жеткізу керек болса, біз көлік жібереміз», — деді Жанасова.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 7 айының қорытындысында «Қазпошта» АҚ 1 млрд теңге мөлшерінде таза табыс тапқан.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтеріледі.