Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:08, 26 Қыркүйек 2018

«201 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді»

Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданы 10 млрд. 754,2 млн. көлемінде өнім өндірген.
Бүгін 26 қыркүйек күні бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында айтылды деп хабарлайды Жас Алаш тілшісі.Меркі ауданының әкімі Мейірхан АЗАТҰЛЫ қаңтар мен тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.«Өнеркәсіп кәсiпорындары 10 млрд. 093,1 млн. теңге өнімдерін өндіріп, 104,1% құрады.Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 088.3 млн. болып,101,2 % құрады»,- деді Мейірхан ӨМІРБЕКОВ.Ауданда баспана мәселесіде шешіліп келе жатыр екен.201 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліген.Тартылған инвестиция көлемі 5 млрд. 111,6 млн. теңге. Әкімнің айтуынша, бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. 423,2 млн. теңгеге жеткен.Көтерме сауда тауар айналымы 1 млрд. 404,1 млн. теңгені құраса, ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм 10 млрд. 754,2 млн. теңге.Қазір аймақта 2006 гектар алқаптан қант қызылшасын жинау науқаны басталып кетіпті. Қысқа мал азығы да дайын екен.Фото: facebook.com 
Тегтер: