2022 жылы Еуропада аптап ыстықтан 61 мыңнан астам адам қайтыс болған
Ғалымдардың есебі бойынша, өткен жазда Еуропадағы рекордты аптап ыстықтан 61 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Nature Medicine журналында 10 шілде, дүйсенбіде жарияланған зерттеуге сәйкес, 2022 жылдың жазында аптап ыстықтан 61 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Ғалымдар 30 мамыр мен 4 қыркүйек аралығындағы еуростаттың жынысы мен жасы бойынша өлім-жітім туралы апталық деректерін талдады. Жалпы алғанда, зерттеу авторларының мәліметінше, осы кезеңде Еуропада рекордты аптап ыстық салдарынан 61 672 адам қайтыс болған. Бұл ретте Еуропа елдерінде осы кезеңдегі аптап ыстықтан қайтыс болғандардың әдеттегі көрсеткіші 36 мың адамды құраған.
Ыстыққа байланысты өлім-жітімнің көбі Италияда болған. Бұл елде- 18,000, Испанияда — 11,300, Германияда — 8,173 және Францияда — 4,807 адам дүниеден өткен. Бір миллион адамға шаққандағы температураға байланысты өлім-жітім Италия, Греция, Испания және Португалияда ең жоғары. Әйелдер арасында ыстықтан өлу деңгейі ерлерге қарағанда 56 пайыз артық.