Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:22, 12 Қыркүйек 2024

2025 жылы Қазақстандағы студенттердің ең төменгі шәкіртақысы 52 мың теңге болады

f
Фото: ашық дереккөз
Білім беру саласына 2025 жылы 1 трлн. теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.

«Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі - жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін - 117 098 теңге болады», - деді ол.

Бейсенбекұлының айтуынша, әлеуметтік салаға келер жылы 6 трлн теңге сомасында қаржы қарастырылған. 

Тегтер: