Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:07, 25 Маусым 2019

21 елден келген 250-ге жуық танымал ғалымдар елордада бас қосты

Осы апта басында елордада «Ұлы Дала» IV Гуманитарлық ғылымдар форумы басталды. Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан биылғы жиын «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргізаманға дейін» деген тақырыпқа арналып отыр.

 Форумда қазақстандық ғалымдармен қоса Еуропа, Азия және Америкақұрлығының 21 елінен 250-ге жуық танымал ғалымдар мен белгілі мемлекетжәне қоғам қайраткерлері бас қосты.    

Халықаралық жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныңорынбасары Жансейіт Түймебаев, білім және ғылымминистрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтаухаты оқылды.

Халықаралық жиынның басты міндеті — шет елдік жәнеотандық түрколог ғалымдар арасында әлемдік түркітану ғылымының қазіргіжағдайына, жетістіктеріне, проблемалары мен даму келешегіне талдау жасау, Ұлыдаланың мәдени құндылықтарының адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі мен маңызынталқылау. Форум 6 тақырыптық секцияғабөлінген. 

Форумның ашылу салтанатында Моңғолияның тұңғыш президентіПунсалмаагийн Очирбатқа,  ӘзербайжанРеспубликасының тұңғыш премьер-министрі Гасан Гасановқа, Қырғыз Республикасы  Жоғарғы Кеңесінің тұңғыштөрағасы Медеткан Шеримкуловқа, тарих ғылымдарының докторы, профессор,Дүниежүзі татарлар конгрессі Атқару комитетінің Этнологиялық мониторингорталығының басшысы Дамир Исхаковқа, ҚР ҰҒА академигі, антрополог Оразақ Смағұлға Халықаралық Түркі академиясыныңалтын медальдары табыс етілді.  

Тегтер: