Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 19 Қыркүйек 2019

23 жылға сотталған тәжік заңгері белгілі сыйлыққа ие болды

None
None

Тәжікстанда сотталған заңгер Бузургмехр Еровқа "елдегі демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқаны үшін" Файзинисо Вохидова атындағы сыйлық берілді.

Еуропадағы Орталық Азия мигранттары қауымдастығы бекіткен сыйлық ондаған жылдар бойы диссиденттер, құқық қорғаушылар мен оппозициялық саясаткерлердің құқығын қорғаған белгілі тәжік адвокаты Файзинисо Вохидованың атымен аталады.

Еров қазір Тәжікстанда түрмеде отырғандықтан 18 қыркүйекте Варшавадағы адамзат өлшемі бойынша конференцияда сыйлықты оның ағасы Жамшед Еровқа тапсырды.

Азаттық тілшісімен сұхбатта Жамшед Еров ағасына Вохидова атындағы сыйлық берілуінің символдық мәні бар екенін, екеуі де (Вохидова мен ағасы) "адам құқығы мен азаматтарды қорғауға күш салғанын" атап өтті.

Бузургмехр Еров "Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясының" (ТИЖП) 13 мүшесі мен жетекшісінің мүддесін сотта қорғаған. ТИЖП Тәжікстанда "террористік ұйым" ретінде танылып, оның елде жұмыс істеуіне сот шешімімен тыйым салынған.

2016 жылы қазан айында Еров "конституциялық құрылымды күшпен құлатпақ болды", "әлеуметтік алауыздық туғызды" деген айыппен 23 жылға сотталған.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: