Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:51

3 айдан кейін қазақстандықтарға несие алу қиындайды

несие
Фото: inbusiness.kz

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда несие беру тәртібі өзгереді. Жаңа талаптар қарыз алушылардың табысына көбірек назар аударуды көздейді. Енді банктер несие бермес бұрын клиенттің төлем қабілеттілігін әлдеқайда қатаң тексереді.

Несие алу табысқа тікелей байланысты болады

Бұл өзгерістер жайлы бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеген. Жаңа ережелер аясында қарыз жүктемесінің коэффициенті (ҚЖК) мен қарыздың табысқа қатынасы (ҚТҚ) енгізіледі.

  • ҚЖК – адамның қазіргі табысының қаншалықты бөлігі несиелер мен міндетті төлемдерге жұмсалатынын көрсетеді. Егер бұл көрсеткіш жоғары болса, жаңа несие алу мүмкіндігі азаяды.

  • ҚТҚ – азаматтың жаңа несиені төлеуге шамасы жететін-жетпейтінін анықтауға көмектеседі.

Ресми табысы жоқтарға несие алу қиындай түседі

Банктер клиенттің табысы туралы тек ресми деректерге сүйенетін болады, атап айтқанда:

  • зейнетақы аударымдары;

  • міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі деректер.

Егер адамның табысы тұрақты және расталған болса, несие алу мүмкіндігі жоғары.

Қай топтарға әсер етеді?

Жаңа шектеулер ең алдымен ресми емес табысы бар азаматтарға қатысты болады. Мысалы:

  • қолма-қол жалақы алатын жұмысшылар;

  • еңбек келісімшарты жоқтар;

  • тұрақты немесе расталған табысы жоқтар.

Неліктен жаңа ереже енгізілуде?

Мақсат — банк жүйесіндегі және азаматтардың жеке қаржысындағы қауіптерді азайту. Көбіне адамдар жеткілікті табысы болмаса да, несие алады да, уақыт өте келе оны өтеуге шамасы жетпей қалады. Жаңа талаптар осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Қашан күшіне енеді?

Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сондықтан алдағы уақытта несие алуды жоспарлаған азаматтарға табысты ресми түрде растау қажеттігін алдын ала ескерген жөн.

Тегтер: