Саясат

Ирандағы сақшылар корпусының қолбасшысы әуе соққысынан қаза тапты

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Алиреза Тангсири Израиль жасаған әуе соққысы салдарынан қаза тапқаны хабарланды.

Алиреза Тангсири

Израильдің Kan TV мемлекеттік арнасының мәліметінше, соққы Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас портындағы әскери-теңіз базасына жасалған. Ақпаратты израильдік шенеунік те растағаны айтылды.

Айта кетейік, Тангсири соғыс басталған сәтте-ақ Ормуз бұғазы арқылы бірде-бір «жау кемесі өтпейді» деп мәлімдеген еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз