Саясат

БҚО полиция басшысының ата-анасы Чехиядағы мүлкін тәркілеуден сақтап қалды

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің ата-анасына байланысты Чехиядағы жылжымайтын мүлікке салынған бұғат алынды.

1

Аталмыш мәлімет ТМД Антитеррорлық орталығы басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Молдияр Оразалиев пен оның жұбайы Элла Оразалиеваға қатысты болып отыр. Отбасы Чех радиосына төленетін міндетті алым бойынша берешегін өтегеннен кейін мүлікке қойылған шектеулер алынған.

Элла Оразалиева мен оның ұлы Алдияр Оразалиев 2007 жылы Карловы Вары маңындағы Колова ауылынан 929 шаршы метр жер телімін сатып алған. Алдияр – БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің әкесі.

"Выход к морю"  телеграм арнасы жер телімі бұрынғы «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Мұхтар Жәкішевтің туған бауыры Ермек Жәкішевке тиесілі «Колесо» кооперативінен сатып алынғанын жазады.

Оразалиевтер отбасы үй мен жер теліміне тікелей емес, ALAN trade s.r.o. компаниясы арқылы иелік етеді. Компанияның қаржылық құжаттарында жылжымайтын мүлік 5,7 млн чех кронына, яғни шамамен 237 мың еуроға бағаланған. Авторлар бұл баға бірнеше жылдан бері өзгермегендіктен, нысанның қазіргі нарықтық құны жоғары болуы мүмкін екенін атап өтеді.

240 еуро қарыз үшін мүлкінен айырылып қала жаздаған

Мәселе Чехиядағы қоғамдық хабар таратушы – Чех радиосына төленетін міндетті алымнан туындаған.

ALAN trade s.r.o. компаниясы бұл төлемді бірнеше жыл бойы жасамаған. 2017 жылы Чех радиосы сотқа жүгінген кезде берешек 5 762 кронаға, яғни шамамен 240 еуроға жеткен.

Сот Чех радиосының талабын қанағаттандырып, компанияны қарызын өтеуге міндеттеген. Кейін компанияға тиесілі жылжымайтын мүлікке бұғат салынған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз