Саясат

Зеленский Путинге Майамиде кездесуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путин желтоқсанда Майамиде өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне қатысатын болса, онымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Зеленский

«Иә, әрине. Біз баруымыз керек. Кездесіп, сөйлесіп, шешім қабылдауымыз қажет. Мәселе сөзде емес. Менің оған не айтатыным немесе оның маған не айтқысы келетіні маңызды емес. Тек нәтиже маңызды. Болғаны сол», – деді Зеленский Канаданың Норт-Бей әскери базасына барған кезде DW тілшісі Миша Комадовскийге берген сұхбатында.

Зеленский мен Путин Ресей 2022 жылғы ақпанда Украинаға толық ауқымды басып кіргеннен бері бетпе-бет кездескен жоқ. Кремль Путиннің Майамидегі кездесуге барар-бармайтынына әзірге жауап берген жоқ. Ресей президенті G20 саммиттеріне 2019 жылдан бері қатыспаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз