Саясат

Садыр Жапаровтың сынынан кейін Қырғызстанда алты әкім қызметінен кетті

Садыр Жапаровтың сынынан кейін Қырғызстанда алты әкім қызметінен кетті

Садыр Жапаров

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың сынынан кейін тағы үш аудан әкімі қызметінен босатылды. Осылайша, соңғы күндері елде жергілікті биліктің кемінде алты басшысы лауазымынан айрылды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қызметінен кеткендердің қатарында Жалал-Абад облысы Тоғыз-Торо ауданының әкімі Нұрлан Эшмукамбетуулу, Ыстықкөл облысы Жеті-Өгіз ауданының әкімі Эрмек Бахавадинов және Нарын облысы Қошқор ауданының әкімі Баялы Досалиев бар.

Бұған дейін Шу облысы Панфилов ауданының әкімі Бекмаат Масаидов, Қант қаласының мэрі Ұлан Майлыбашев және Бәткен қаласының мэрі Сейтек Құлұбаев та қызметінен босатылған.

Айта кетейік, 23 қарашада өткен әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі республикалық кеңесте Садыр Жапаров жергілікті билік жұмысын сынға алған. Жиында биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралған. Тексеру барысында бірқатар өңірде кемшіліктер анықталып, кейбір әкімдер мен мэрлерді қызметінен босату ұсынылған.

Президент тұрғындардың шағымдарына да тоқталып, жергілікті жерде шешілуі тиіс көптеген мәселе шенеуніктердің назарынан тыс қалып отырғанын айтты.

Әзірге қызметінен кеткен басшылардың орнына кімдер тағайындалатыны белгісіз.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз