Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Астанада үйленгелі жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсел Исабаеваның үлкен ұлы, 21 жастағы Тауман үйленгелі жатыр.

Әсел, Тауман және Нұрсұлтан Назарбаев

Отандық БАҚ-тың жазуынша ой елордадағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде өтеді. Қонақтар арасында белгілі бизнесмендер, саясаткерлер және «Ескі Қазақстан» өкілдері болуы болжанған.

Той Ritz-Carlton қонақүйінде өтпек

 Тауман Назарбаевтың үйлену тойы The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтуге тиіс. Қалыңдығы – бұрынғы индустрия вице-министрінің қызы.

Тойға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қонақүй маңындағы аумақты бір күн бұрын қоршай бастаған.

Қонақтар тізімі де күйеу жігіттің әулетіне сай болуы мүмкін. Тойға Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезеңде ықпалы жоғары саясаткерлер, ірі бизнесмендер мен элита өкілдері шақырылған.

Әсел Құрманбаева
Фото: ашық дереккөз

Назарбаевтың екінші некесінен туған балалары

Тауман 2005 жылы дүниеге келген. Оның анасы Әсел Исабаева, сондай-ақ Әсел Құрманбаева есімімен белгілі. Ол 1999 жылы «Қазақстан аруы» атағын алған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші отбасы туралы ұзақ уақыт бойы ресми түрде айтылмай, тек түрлі ақпарат тараған еді. Назарбаев бұл туралы алғаш рет 2023 жылы жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарында жазды.

Ол Әселмен мұсылман дәстүрі бойынша некелескенін мәлімдеген. Бұл некеден екі ұл дүниеге келген: Тауман – 2005 жылы, Байкен – 2008 жылы.

2024 жылғы наурызда Тауманның есімі тағы да ақпарат құралдарында аталды. Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі New York University Abu Dhabi кампусына барған кезде қазақстандық студенттермен суретке түскен. Оның жанындағы жас жігітті БАҚ Тауман деп таныстырған.

Тауман Назарбаевтың жеке өмірі туралы бұған дейін де түрлі ақпарат тараған. 2023 жылдың көктемінде оның сол кездегі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Анадэль Майдановамен сөз байласқаны туралы ақпарат шыққан. Кейін министрлік мұны ресми түрде жоққа шығарып, Тауман мен Анадэльдің сыныптас екенін мәлімдеді.

Тауманға берілген мүлік

2022 жылы «Азаттық» Нұрсұлтан Назарбаев отбасының мүлкі туралы зерттеу жариялаған. Журналистердің мәліметінше, Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев бірқатар мүлкін ұлдарының атына аудара бастаған.

Зерттеуде елордадағы сарайлардың бірі жер телімдерімен бірге сол кезде 17 жаста болған Тауманға берілгені айтылған.

Назарбаев
Фото: ашық дереккөз

Назарбаев көпшілік алдына сирек шығады

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта көпшілік алдына сирек шығып жүр. 23 тамызда ол Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, алайда сайлау учаскесіне бармады. Тұңғыш президенттің ресми сайты мұны Назарбаевтың сайлауға дейін омыртқасына операция жасатуымен түсіндірген. Ол үйінде дауыс берген.

Бұған дейін, 15 наурызда Назарбаев жаңа Конституция бойынша референдумға қатысу үшін Астанадағы №228 сайлау учаскесіне өзі барған. Алайда журналистермен сөйлеспеген.

Ал Әсел Исабаева биыл бірнеше рет көпшілік алдына шықты. Көктемде ол Астанадағы сән көрсетілімдерінің бірінде байқалған. Ол өнер саласында жұмыс істейді және «Астана Балет» театрымен байланысты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз