Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:11, 16 Шілде 2020

30 мың шақырту қабылдай алатын орталық ашылады

Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағыэпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысыөтті.

Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке атқарыпжатқан жұмыстарын баяндады. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығыхабарлады.

Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсетустанциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. РустамҚуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқанем жөнінде сөз қозғаса, Ш.Оспанова жедел жәрдем қызметі бойынша ахуал қалыпқатүскенін және өзекті мәселе жоқ екенін жеткізді. Осы ретте Мұрат Дүйсенбекұлытиісті мамандарға бір күнде 30 мың шақырту қабылдай алатын диспетчерлікорталықтың ашылуын тездетуді тапсырды. Сондай-ақ штаб отырысында бүгінде 323ИВЛ (өкпені механикалық желдету аппараты) аппараты алдағы уақытта 475-кежеткізу жоспарланып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар қала аумағында барлық24 ауруханада бір күнде 1200 оттегі балонының қажеттілігі айтылды. Осыған орай қазіргі таңдаШымкент қаласында оттегі өндіретін5 мекемемен келісімшартқа тұрып, оттегібаллондар барлық ауруханаларға тұрақты түрде жеткізілуде.

Тегтер: