Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:32, 22 Қараша 2021

30 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр, 129 науқастың жағдайы ауыр

None
None

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 921 адам тіркеліп, емделіп жатқан 1 090 адам жазылып шықты, деп хабарлайды «Жас Алаш» ДСМ сілтеме жасай отырып.

 Бұл күнге дейін індет жұқтырғандардың саны 964 749-ға жетіп, олардың 926 136-сы жазылды. Қазір емделіп жатқандардың жағдайына тоқталсақ, 22 қарашадағы мәлімет бойынша 30 209 адам коронавирус инфекциясынан (26 052 КВИ+ және 4 157 КВИ-) емделуде, олардың ішінде  6 527 пациент стационарда,  23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 493 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр»,- деп жазылған хабарламада.

Тегтер: