«386 миллион бопсалаған»: Алматыда жекеменшік жатақханаларда студенттерге әлімжеттік жасалуда деген ақпарат тарады
Желідегі ақпаратқа сай, Үкібай Бибол, Ермекбай Асқар және Княсов Азизбек атты студенттер жекеменшік жатаханалардың бірінде студенттергн әлімжеттік жасаған. Kaspi банкінен алған деректер бойынша соның кесірінен 386 миллион теңгеге жуық шығын келген. Қаскөйлер жастардың банк карталарын тартып алған көрінеді.
Оның үстіне аталған үш адамды Алматының Медеу ауданындағы кейбір полицейлері қорғайды дейді шағымданғандар.
Фотода студенттердің бірінің арқасы қызарып, соққыдан зардап шеккені байқалады.
Аталған мәселеге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз хатшысы түсініктеме беріп, құзырлы орган тарапынан тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
“Аталған Үкібай Бибол, Ермекбай Асқар және Княсов Азизбек есімді тұлғалар Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері емес. Университетке қарасты жатақханаларда қысым көрсетулер бар деп көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Оқу орнының жатақханаларында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кездесулер жиі өткізіледі. Жатақханаларда студенттердің қауіпсіздігі мен тәртібін қадағалайтын арнайы жауапты қызметкерлер бар. Сонымен қатар бейнебақылау жұмыс істейді. Осы мәселеге байланысты студенттердің ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылып, барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне қаржылық сауаттылық бойынша кездесулер мен дәрістер өткізілуде”, – деп мәлімдеді оқу орнының баспасөз қызметі.