Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:14, 26 Мамыр 2020

4 бала трагедиясы: өрімталдардың өлімі жалғаса бере ме?

Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмекорталығындағы төрт баланың бірінен кейін бірі көз жұмғаны (2 сәуір, 11 сәуір,20 сәуір, 29 сәуір күндері)  елді дүрліктіріп, қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Өйткенібұл орталықта денсаулығында кінәраты бар балалар тәрбиеленіп жатыр. Тірек-қимылаппараты бұзылған балалар күтіміне жауапты әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағыосынау қайғылы оқиға оқыстан орын алған жайт емес. Өткен жылы әлеуметтікжелілерде дәл осы орталықтағы үш тәрбиеленушінің зорлық көргені жайында видеотарап, облыс әкімі Даниал Ахметов шұғыл түрде тексеру тобын аттандырғанболатын. Тіпті сол кезде осы жағдайдан хабардар еткен Қазақстандағы балақұқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға алғысын білдіре келіп, бұл орталықтыңжұмыс барысы өз бақылауында екенін мәлімдеп үлгерген болатын.  Алайда бұл оқыс жағдай тексерулер жүргізуге  түрткі болғанымен, ресми түрде расталмай, ақырсоңы «жалған ақпарат таратқаны үшін» әлеуметтік орталық қызметкерінің жұмыстанқуылуымен аяқталыпты.

     Бірақ, неге екені белгісіз, осы оқиғабойынша облыстық әкімдік теріске шығарған ресми ақпарат таратқан жоқ. Тіптіөткен жылдың наурыз айында болған бұл оқиғаның жоққа шығарылғанын БАҚ өкілдеріенді ғана мәлімдей бастағаны да таңғалдырады. Сол кезде комиссия құрамындааттанған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев (Аягөзқаласының тумасы) көп ұзамай ШҚО еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасыныңбасшысы қызметіне тағайындалған. Ал бұл басқарманы оған дейін басқарған Е.Ошақбаеворынбасарлыққа төмендетілгені есімізде. Осы жерде қарапайым сұрақ туады: егерәлеуметтік орталықтағы балалардың зорлық көргені жалған болса, басқарма басшысынеге орынбасарлыққа төмендетілді? Мұндай шара не себепті қолданылды, сонда?Басшысы ауысқаннан кейін жағдай жақсарып, орталықтың шаруасы жөнге келді ме?Облыс әкімі Даниал Ахметов жағдайды сол кезден бастап өз бақылауына алғаны расболса, бір жылдан кейін бір емес, төрт міскіннің ғұмыры неге кілт үзілді?

    Жә, онсыз да тұманды ойларға жетелегенкүмәнді сұрағы жетерлік орталықтың жалпы жағдайы қалай еді? Туабітті төсеккетаңылған тағдырлар талапқа сай күтім көріп жатыр ма? Енді осыған келейік.

   Аягөздегі әлеуметтік орталықтағы балаларөліміне байланысты құрылған ведомствоаралықкомиссия отырысында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл ЭльвираӘзімова бірқатар былықтардың бетін ашып берді. Әзімованың айтуынша, өздігіменқозғалып, қимылдай алмайтын балалар жатқан ғимараттың 1985 жылы салынғанбұрынғы балабақша екені анықталған. Яғни тірек-қимыл аппараты бұзылғанбалаларға қызмет көрсету талабына сәйкес келмейді. 2007 жылы қосымша тұрғын үй салынғанымен,ол кезде де қажетті ерекшелік ескерілмеген. Одан өзге де сұмдық жайлар баршылықкөрінеді.

–       Айталық, тірек-қимылаппараты бұзылған балаларға аса қажетті бассейн жоқ. Спортзал жертөледеорналасқан және жарығы мен ауа алмасуы сын көтермейді. Спортзал ересектергеарналған құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл кішкентай балаларды спортпенайналысу мүмкіндігінен айырады. Орталықта тәрбиеленушілерінің денсаулығын күтіпұстауына септігін тигізетін спорттық құрал-жабдықтар жеткіліксіз, – деді ЭльвираӘзімова тиісті мәлімдемесінде.

  Бұдан арғы жағдайды жабулы қазан күйінде қалдыруға болмайтынынәшкерелеген Э.Әзімованың сөзіне сүйенсек, орталық асханасы дәлізде орналасқандықтан,кіріп-шыққан адамдар тамақтанып отырған балаларға әсер етпей қоймайды. Қимылыкүрделі балалар жататыны белгілі бола тұра, қосқабатты ғимаратта жеделсатыныңжоқтығы, пандустың орнатылмағаны да бұған дейін келген тексерушілердің көпшындыққа көз жұма қарағанын аңғартады. Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде туғаннантағдыр тауқыметін тартқан балалардың жағдайына жанашырлықпен қарауға жергіліктіатқарушы биліктің еш уақытта құлқы болмағаны анық көрініп тұр. Басшыжаңартқаннан қайыр болмағанын ескі ғимараттың сиқы әйгілеп берді.  

  Жалпы, бұл жағдайға облыс басшылығы бұрынғыдай «өзіміз жауап береміз»деп, енді ешкімді сендіре алмайтыны анық. Өйткені еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі әр аймақтағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 113мекемеге тексеру жүргізуді бастайтынын мәлімдеп отыр. Оның негізгі себебі Аягөздегібалаларға арналған арнайы әлеуметтік көмек орталығындағы ахуалдан шығыпотырғаны өкінішті, әрине. Еліміз бойынша айтар болсақ, мүгедек балаларғаарналған осындай 20 мемлекеттік оңалту орталығында 1,8 мыңнан астам балатәрбиеленіп жатыр екен.

            750 мың теңгені желгеұшырды ма, «жеп қойды» ма?

   Былықтары бірінен-бірі өтетін орталықтыңіші-сыртын түгел тексерген ведомствоаралық комиссияның қорытындысына сәйкес,ауыр жағдайдағы балаларға қажетті азық-түліктің қағаз жүзінде ғана алынғанымәлім болып отыр. Орталық мемлекеттік сатып алуда бекіре уылдырығы, кофе, жылқы,сиыр етін көрсеткенімен, бұл тағамдар тәрбиеленушілердің тісіне тимегенгеұқсайды. Мәселен, сәуір айының басында 50 келі бекіре уылдырығына 750 мыңтеңге, ал сәуір айының ортасында 60 келі қызыл балыққа 650 мың теңге жұмсалған.Бірақ аталған комиссия мектеп-интернатқа барғанда қызыл балық, қара уылдырықжәне басқа да дәмді тағамдардың берілмегенін анықтаған. Қазір бұл фактіні ШҚО сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес қызметі назарына алыпты.

    Айтпақшы, жоғарыда айтылған төрт баланыңсол кезде қызылшадан көз жұмғаны туралы сөз тараған еді. Медициналық тексеріснәтижесіне жүгінген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат БАҚөкілдеріне таратқан мәлімдемесінен балалардың өліміне қызылшаның қатысы жоқтығыбелгілі болды. Орталықтағы 95 балаға тексеру жүргізілген. ШҚО бас педиатры Шолпан Мақашеваныңайтуынша, балалардың қазасына асқынған коморбидті фон, туа біткен патология, кахексия себепболған.

           Аружан Саин мен Аймағамбетовтің алаңдауы орынды

   Кемшіліктері жіпке тізіліп, бірін-біріжетелеп кете беретін Аягөздегі әлеуметтік орталықта көп шындықтың көлеңкедеқалуына облыс орталығынан 400 шақырым қашықтықта орналасуы де бір себептәрізді. Жол қиындығы өз алдына бір тауқымет. Комиссия қорытындысында бұлжағдайдың мекеме қызметін қатаң бақылауға кедергі келтіретіні енді белгіліболып отыр. Ахметов өткен жылы Аружан Саинды сендіре сөйлегенімен, сөзіайтылған жерде қалғанын осы төрт баланың өлімінен байқауға болады. Одан бөлек,бұл істің ар жағында облыстық әкімдікке Аягөзден ауысқан дөкейлердің тұрғаны дабайқалатындай.

  Сараптай келгенде, үкіметтік деңгейде шутудырған осы мәселені дер кезінде көтерген Аружан Саин мен білім және ғылымминистрі Асхат Аймағамбетовтің Аягөздегі мекемені облыс орталығына көшіруқажеттігін айтқан ұсынысы да орталықта жемқорлықтың белең алып отырғанынаншыққандығына күмән жоқ.«Ведомствоаралық комиссия атынан Шығыс Қазақстаноблысының әкімдігіне мекемені облыс орталығына көшіру нұсқаларын қарастырудытапсырамын. Ол ірі қаладан 400 шақырым шалғайда болған кезде балалардыңденсаулығы үшін үлкен тәуекелдер орын алады. Сонымен қатар кәмелеткетолмағандар ісі жөніндегі комиссия қызметін де жандандыру қажет. Бұдан бөлек,үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық сектор өкілдерін тарта отырып, медициналық-әлеуметтікмекемелердің, балалар мен қарттар үйлерінің ғимараттарына кешенді тексеружүргізу қажет деп есептейміз. Сондай-ақ қоғамдық бақылау институтын дамытудыжалғастыру керек», – деді министр А.Аймағамбетов.

    Алеліміздің бас прокуратурасына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіккебалалар құқығы жөніндегі уәкіл А.Саинның әлеуметтік желіде ашық хат жариялауыда бекер болмаса керек. Мына бір үзіндінің өзі орталықтағы жағдайдың ушығыпкеткенін растайтындай. «Хотелось бы также обратитьваше внимание на следующие факты, с которыми приходилось сталкиваться нам:1) Телесные и другие наказания – сотрудники ЦОССУ бьют воспитанников хлопушкамидля выбивания ковров, опускают головой в ванну, наполненную водой, и начинаюттопить, за любые провинности лишают детей ужина или обеда, детей заставляютмыть горшки (иногда угрозами, где-то подкупают конфетами, обещаниями).Неоднократно обращались к руководству центра по этим фактам, но, к сожалению,слышим в ответ только пустые обещания и оправдания, мол, воспитатели/няни невиноваты, довели их. Меры в итоге не принимаются».

 Мәлімдеменің бұл үзіндісі тәрбиеленушілердің ата-аналары тарапынантүскен шағымдардан алынған. Демек, іс тек қана төрт баланың қазасын тексеруменғана шектелмей, одан ары қарай, облыс шенеуніктерінің осы мәселеде «жұмбақжасырып» отыруына жол жоқ екенін әйгілеп бергендей.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер: