“45 мың адам қаза болған”: BBC құпия деректерді жариялады
BBC мен Mediazona ақпарат агенттігі Украинаға басып кірген 2022 жылдың ақпанынан бері қаза тапқан 45 мыңға жуық ресейлік сарбаздың жеке басын растады.
Әскери шығын мәселесі екі елде де өте құпия күйінде қалған. Ресей қақтығысты сынауға тыйым салды және 2022 жылдан бері құрбан болғандар туралы ресми мәліметтер жарияланбайды.
Ашық дереккөздерге сүйене отырып, ВВС Mediazona басылымымен (“Ресейде шетел агенті” деп танылған) және еріктілер тобымен бірге тың ақпарат жариялады.
Агенттік 2022 жылдың ақпан айынан бері Украинадағы соғыста қаза тапқан ресейлік 45 123 әскери қызметкердің есімін анықтады. Олардың кем дегенде 6614-і 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың ақпанына дейін қаза болған.
30 жастағы Денис Кузнецов соғысқа Иркутск қаласынан жұмылдырылған. 2023 жылы 29 желтоқсанда ол снаряд жарақатын алды. Бірақ бір ай өтпей-ақ Авдеевка маңындағы майданға қайтадан жіберілді. 29 қаңтарда Денис дроннан түсірілген снарядтан жараланған. 31 қаңтарда әріптестері оны өлі күйінде тапқан.