«45 шақырымды 5 сағатта жүріп өтеміз»: Ақтөбеде елді мекен жолдың жарамсыздығынан аудан орталығымен байланысын үзген

«45 шақырымды 5 сағатта жүріп өтеміз»: Ақтөбе облысында жолдың жүруге жарамсыздығынан бір ауыл облыс орталығымен байланысын үзді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Тұмабұлақта адамдар ауданмен байланыстыратын қалыпты жолды жылдар бойы күтті. Барын айту қиын, бірақ халықтың облыспен және облыс орталығымен басқа байланысы жоқ. Ауыл тұрғындары жаңбырдан соң балшықта көлікпен жүруге мәжбүр, кейде сол батпаққа батып, жолда сағаттап тұратын кездері болып тұрады. Жергілікті тұрғын Мұрат Рахетовтың айтуынша, аздаған жаңбырдан кейін де саяжай жолының беті бір үлкен батпаққа айналып, көлікпен жүру мүмкін болмай қалады.
«Облыс орталығына дейін 45 шақырым жол жүреміз, 5 сағат уақытымызды өткіземіз, көбінесе жете алмаймыз, көліктер балшыққа батып қалады, шығу үшін трактор жалдауға тура келеді. Біз балалармен жолда қаламыз. Әрдайым солай. Шенеуніктер үлкен джиптермен бізге келеді. Әрине, олар өте алады, бізге сағаттап күтуге тура келеді. Бізге қиын. Тым болмаса бізге қиыршық тас төсеп екен», – дейді ер адам.
Ауылды хәл-жағдайын жергілікті әкімдік біледі, өйткені шенеуніктердің өздері де осы жолмен жүреді, бірақ олар ештеңе істей алмайды, себебі облыстық бюджеттің қаржысына тәуелді.
Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы Аманбек Мекетаев мәселенің ауылдағы сазды топырақтан туындап отырғанын айтады. Сондай-ақ Тұмабұлақ ауылына апаратын жолдың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын деп сендіреді.
«Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтті, біз құжаттарды тиісті облыстық басқармаға жібердік. Қаржыны күтіп отырмыз», - дейді ол.
Ауылға қаржы қашан бөлінетіні белгісіз, өйткені оны бюджетке енгізу керек. Бірақ, биылғы күзде де, қыста да, көктемде де жолсыз жағдайдан адамдар зардап шегері анық.