Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:01, 19 Шілде 2023

5 жасар қыздың өлімі: Түркістан облысында сот төрағасы қызметінен босатылады

None
None

Бес жасар қызды өлтірген Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жоғарғы сот 2023 жылдың мамыр айында жас қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізген. Қорытынды бойынша Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Сарыағаш ауданында 2018 жылы туған бүлдіршінді өөлтірген күдікті ұсталған болатын. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған еді.

Кейін Бас прокуратура қызды өлтірді деген күдіктінің 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда ішімдік ішіп, ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот күдіктінің жәбірленушімен татуласқанын ескере отырып, оған үш жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Тегтер: