Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:48, 28 Мамыр 2020

50 ауыл қандай су ішіп отыр?

Бүгінде шығыс өңірде ауылдардыауызсумен қамту мақсатында бюджеттен қыруар қаражат бөлініп, халықтың игілігінеберілу жайы әрқилы орындалып жатқаны белгілі.

Бір аудандарда бұл мәселеніңоңтайлы шешілуі кешеуілдеп жатса, кейбір аудандарда жұмыстың жүйеліжүргізілмеуі салдарынан бөлінген қаражат нақты мақсатқа жұмсалмай, жұрттыңжүйкесі құрып бітетіні де жасырын емес. «Таза ауызсу», «Ақ бұлақ» сияқты мемлекеттікмаңызды бағдарламалардың орындалу барысы көбіне басшысына да байланысты екеніаян. Қашанда өзектілігі күн тәртібінде тұратын осынау мәселенің түйіні дұрыстарқатыла бастағанын Көкпекті ауданында орындалып жатқан істерден көругеболады. Көш басынан көрінген Көкпекті ауылдарына қарап, аудан әкімі АсхатСмайыловтың халық өмірінде рөлі зор мәселеге сергек қарайтынын аңғаруға болады. 

 Жалпы, Көкпекті ауданының аумағында 50 елді мекен(тұрғын саны –27 616 адам) бар. Халықтың орталықтандырылған ауызсумен қамтылукөрсеткіші – 62,5 пайыз. Нақты айтқанда, 50 елді мекеннің 26-сыорталықтандырылған болса, 24-і ауызсуды жергілікті су құбырларынан пайдаланады.

Ауданда халықты ауызсумен қамтудыңекі тәсілмен жүргізілетіні де жұрт ойынан шыға бастаған. Тұрғын саны 50 адамғадейінгі шағын ауылдарға  блокты-модульдіжүйе орнатылса, үлкен елді мекендерге су құбыры тартылған. 

Бүгінгі күні ауданның сегізауылында – Көкпекті, Самар, Ажа, Көкжайық, Құлынжон, Аққала, Үлкенбөкен,Көкжыра ауылдарында 2019 жылы басталған су құбырларын тарту жұмыстары қарқындыжүруде. Биыл тағы да төрт ауылға – Преображенка, Миролюбовка, Маринагорка,Үлгілімалшы ауылдарын сапалы, таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары қолғаалына бастағаны қуантады.

Жоғарыда айтылған шағын ауылдарғаблокты-модульді жүйе орнату өткен жылдан бастап қолданысқа енгізілген екен. Атапайтқанда, Ақсу, Қарағандыкөл, Жансары, Толағай сияқты нақты саны 12 ауылдыңхалқы бірнеше фильтрден өткізіп, тазалап жеткізетін  блокты-модульді жүйенің игілігіне кенеліпотыр. Биыл тағы да алты ауыл осы жүйе арқылы жеткізілетін таза судың рахатынкөрмек. Әйгілі Толағай тауымен аты шыққан Ақтас ауылы, Өртеңтаудағы Ұзынбұлақ,Зайсан көлінің жағасындағы Нұра,  Сүлеймен, Қайыңды және Жаңажол ауылдарындағыәрбір үй сапалы ауызсуға сәтімен қол жеткізетін болады.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер: