Бүгін, 12:12
500-ден астам палестиналық Қазақстанда тегін білім ала алады
Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, оқу гранттары бес жылдық мерзімге есептелген. Палестиналық студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында әртүрлі білім беру бағыттары бойынша тегін оқи алады.
Сонымен қатар Президент Қазақстан халықаралық деңгейде беделі мойындалған компанияларды тарта отырып, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін айтты. Бұл тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына қатысты болмақ.
Бұдан бөлек, Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.
Оқи отырыңыз