Live

Бас прокуратура экс-прокурор Дүйсеновті экстрадициялау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанның бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялау жөніндегі құжаттар 2025 жылдың күзінде-ақ тапсырылған.

Мақсат Дүйсенов

Қазақстан тарапы Дүйсеновті елге қайтару мәселесінде әлі күнге дейін нәтижеге қол жеткізе алмай отыр. Бұған дейін Германия билігі қазақстандық әріптестеріне бас тартқан болатын. 

Бірнеше ай өтсе де, Дүйсенов ісінде ешқандай өзгеріс жоқ. Ulysmedia.kz-тің ресми сауалына берген жауапта Бас прокуратура Германия тарапынан әзірге ешқандай жауап келмегенін мәлімдеген.

"Германия тарапының Дүйсенов М.К.-ға қатысты экстрадициялау сұрауын қарау нәтижелері туралы ақпарат Бас прокуратураға осы уақытқа дейін түспеді, — деп жауап берді қадағалау органы.

Сондай-ақ Бас прокуратура ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайтынын айтқан.

Еске салайық, Мақсат Дүйсенов Германияның Нюрнберг қаласындағы түрмеде бірнеше ай отырған. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз