Live

Онлайн-платформалар мен БАҚ туралы заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

Қазақстанда интернеттегі деструктивті контенттің таралуына жол бермеу және балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері заңнамалық деңгейде қаралмақ.

журналистика

Осы мақсатта онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнамаға бірқатар түзету әзірленді.

Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрылтай спикері Айбек Дәдебай төрағалық еткен бюро алдағы отырыстың күн тәртібін бекітіп, бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдаған.

Депутаттар онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ұсынылған түзетулерді қарайды.

Заң жобасы Мемлекет басшысының онлайн-платформаларда деструктивті контент таратқаны үшін олардың жауапкершілігін заңмен бекіту және балаларға қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз