Live

Жұмыста қысым көрді деген сот қызметкерінің өліміне қатысты іс жабылды

Жұмыста қысым көрді деген сот қызметкерінің өліміне қатысты іс жабылды

1

Ақмола облысының полициясы қалалық сот әкімшілігінің 27 жастағы басшысы Аян Дүйсековтің өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтатты. Бұған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы негіз болған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу 13 қыркүйекте басталған. Тергеу барысында қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, тиісті материалдар жиналған.

«Тергеу нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды», - деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұмның туыстары оның өліміне жұмыстағы қысым, тәртіптік жаза және қызметтік баспанаға қатысты жағдайлар себеп болуы мүмкін екенін жазған.

Ал Ақмола облыстық Сот әкімшілігі департаменті Аян Дүйсековке ешқандай қысым көрсетілмегенін мәлімдеген. Ведомствоның түсіндіруінше, оған еңбек тәртібін бұзғаны үшін сөгіс жарияланған. Сондай-ақ оны мемлекеттік пәтерден шығару мәселесі қарастырылмаған.

Айта кетейік, 30 қазанда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманының мәйіті табылған еді. Бұл дерек бойынша адамды суицидке дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Сот
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз