Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:39, 17 Қараша 2020

60 мың тұрғыны бар аудан тұрғындары мешітке қол жеткізді

None
None

Алпыс мың тұрғыны бар Октябрь ауданының  мұсылмандары  сәулетті имандылық үйін көптен бері көксеп келді.

Бұған дейін бұл өңірдегілер  Майқұдықтағы  аядай жалғыз  мешіткетті місе тұтып жүрді.  Бүгін осындағы  исі мұсылманның арманы орындалды. Пришахтинскі елді мекенінде жаңа мешіт пайдалануға берілді.  Сыйымдылығы 800 адамға шақталған,  келбеті көркі көз тойдыратын жаңа мешіттің құрылысы бір жарым жылға ұласқан. Ол жергілікті жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынып шықты. Дініміздің діңгегі болатын қасиетті шаңырақтың ашылу салтанатына арнайы келген Қазақстан діни басқармасының төрағасы, бас мүфти  Наурызбай Тағанұлы:

-Шынайы Аллаға иман еткендер, ақыретке иман еткендер Алланның үйін тұрғызады, Алланың үйін көркейтеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с  айтқандай, кімде-кім бұл дүниеде мешіт салса, жаратқан ие ол адамға жәннатта үй салып береді, -деді.

Саялы бақта орын тепкен имандылық үйінің  барлық құжатын демеушілер діни басқарма өкілінің қолына табыс етті. Мешіттің бас имамы болып, осыған дейін Қарағанды қалалық мешітте имандылық қызмет атқарған әрі араб тілінен дәріс берген ұстаз — Сайлау Жұмағұлұлы сайланды. Жаңа  дін басы  Каирдағы  «Әл-Асhар»   университетін тәмамдап, одан әрі  Түркиядағы  «Хасеки» академиясында білімін жетілдірген.  

Асыл дінімізді  насихаттау ісінің басына зиялы азаматтардың көптеп келуі, көңілдегі көмескі ойды сейілтері анық.

Тегтер: