65 жастағы Ахметов өз орнында қалды
Депутатар Шығыс Қазақстан облысы әкімі ретінде Даниал АХМЕТОВТЫҢкандидатурасын мақұлдады.
17 маусым күні кезектен тыс облыс мәслихатыныңсессиясы өтіп, ол жерде облыс басшысын тағайындау мәселесі ғана қаралды.
Облыстық мәлихаттың хатшысы Владимир ГОЛОВАТЮКТЫҢ айтуынша, депутаттарДаниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫН бір ауыздан қолдаған. Конституцияның 87 бабының 5 тармағынасәйкес жаңа президент сайланғанда астана мен республикалық маңызды қалалар жәнеоблыс әкімдері өз қызметін тоқтатады.
15 маусым күні ғана алпыс бес жасқа толған өңір басшысы қайтадан әкім болыптағайындалды. 2014 жылдан бері ШҚО басқарып келе жатқан Даниал Ахметовтың 2017жылы экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бес жылға ұзартқан. Яғни 2022 жылғадейін әкімдік қызметін ұзартқан болатын. Демек, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ НұрсұлтанӘБІШҰЛЫНЫҢ қаулысын өз күшінде қалдырып отыр.
Фото: ca-portal.ru